Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту": Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент мынандай заңдарға қол қойды:

  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
  • "Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003980-qazaqy-it-tuqymdaryn-saqtau-zane-osimin-molaitu-toqaev-birqatar-zanga-qol-qoidy/

pixel