Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зүлфия Сүлейменова экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды

Опубликовано:

Зүлфия Сүлейменова
Зүлфия Сүлейменова. Фото: primeminister.kz

Зүлфия Сүлейменова экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды БОРТ N1.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды”, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылдың 14 наурызына дейін VII сайланған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылғы 14 наурызда  ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004049-zulfiya-suleimenova-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/

pixel