Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Жарияланған күні:
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында.
"Бүгін жалпы отырыста Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ отырыста палата спикері Ерлан Қошанов оған еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тілеген.
Айта кетейік, Елнұр Бейсенбаев - VII сайланған парламент мәжілісінің депутаты, мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
Биыл 4 қаңтарда ол "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004899-mazilis-deputaty-elnur-beisenbaevtyn-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/