Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Тумыш Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Қанат Тумыш
Қанат Тумыш. Фото: t.me/pressmfakz

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Ол Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы өттенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram-арнасындағы мәліметтерге сүйенсек, Қанат Қобыландыұлы кадрлық дипломат, көпжақты дипломатия, халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және контртерроризм салаларындағы тәжірибелі маман.

Ол 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбеде дүниеге келген. Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1997 жылы Қазақстан СІМ Мемлекеттік Протокол басқармасының референт қызметінен бастаған.

1998 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан СІМ орталық аппаратында, сондай-ақ еліміздің Стамбұлдағы бас консулдығында, Анкара мен Будапешттегі елшіліктерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2005 жылдан бастап халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментінің бірінші хатшысынан Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасарына дейінгі мансаптық өсу кезеңдерінен өткен.

2010 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің II саммитінде аталмыш халықаралық ұйымның атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалып онда 2014 жылғы маусымға дейін қызмет атқарған.

2014-2015 жылдары еліміздің Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болған.

2015 жылғы ақпанда Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі болып тағайындалған.

Преторияға тағайындалғанға дейін 2016 жылғы тамыздан бастап Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 12 шілдеде мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісі лауазымына тағайындалған.

1 сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004925-qana-tumys-syrtqy-ister-ministrinin-orynbasary-boldy/

pixel