Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Жарияланған күні:

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев президентке есеп берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ермек Маржықпаев. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыстың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram арнасы.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір экономикасының бірқатар саласында өсім қарқыны байқалады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі шамамен 1,4 триллион теңгені құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестиция өсімі сақталып отыр. Экономиканың барлық саласында 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, соның ішінде 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар президентке жылыту маусымының барысы, Көкшетау қаласындағы жылу электр орталығының құрылысы, бірқатар инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылуы, елорда маңындағы аймақтардың дамуы, сондай-ақ туризм саласын ілгерілету жұмыстары туралы баяндалды.

Кездесу соңында мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту және өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005006-memleket-bassysy-aqmola-oblysynyn-akimi-ermek-marzyqpaevty-qabyldady/