Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің депутат" басылымының қорытындысы бойынша үздік депутаттар анықталды

Опубликовано:

Оразалин Медет Бектасұлы
Редакция алқасының төрағасы Оразалин Медет Бектасұлы. Фото: "Біздің депутат" газеті

Депутаттарға арналған "Біздің Депутат" республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2022 жылғы қорытындысы негізінде республика көлемінде үздік Мәслихат Төрағалары мен депутаттары анықталды.

"Үздік Мәслихат Төрағасы" номинациясы бойынша 233 өңірлік Мәслихат Төрағаларының арасынан алтауы үздік деп табылды. Атап айтар болсақ, Астана қаласы Каналимов Ерлан Ермекұлы, Шымкент қаласы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, Жамбыл облысы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, Қарағанды облысы Өтешов Серік Балғатайұлы, Павлодар қаласы Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдинқызы, Атырау қаласы - Джауымбаев Қаршыға Елемесұлы.

Үздік мәслихат төрағасы
Үздік мәслихат төрағасы. Фото: "Біздің депутат" газеті

Мандатқа ие 3500 ге жуық депутат бар. Олардың ішінде 3300 депутат өңірлік Мәслихат депутаттары болып табылады. Солардың 900 депутаты облыстар мен қалалық Мәслихатта қызмет етуде. Жоғарыда атап өткен депутаттардың арасынан жыл қорытындысы бойынша 18 депутат үздік депутат деп танылып отыр.

Мәслихат депутаттарының қоғамдық жұмыстары ешқандай жалақымен бекітілмеген. Соған қарамастан сайлаушылардың қолдауына ие болған әр бір Мәслихат депутаты қоғамға қызмет ету жолында орасан зор үлес қосуда. Мұндай марапаттар депутаттардың мәртебесін өсіріп, халық алдында игі жұмыстар жасауына, демеушілік пен қайырымдылық істеріне белсенді атсалысуына ықпал жасайды деген ниеттеміз. Депутат - атақ және мансап иесі емес. Мәслихат депутаттары жалақы алмаса да, шын жүректен қоғамдық іспен айналысатын әр түрлі маман иелерінен құралған қоғамдық азаматтар тобына жатады.

Олардың арасында танымал бизнесмен, меценат, әр түрлі партия мүшелері, Қазақстан кәсіпкерлер одағының Төрағасы, Халықаралық Параолимпияда жүлдегері, қоғамдық ұйым жетекшілері, ауыл шаруашылық мамандары, құрылысшылар мен спорт саласының майталмандары, дәрігер, ұстаздар да бар.

Үздік мәслихат депутаты
Үздік мәслихат депутаты. Фото: "Біздің депутат" газеті

Депутаттық қызметте атқарған жұмыстарының нәтижесіне қарай жергілікті Мәслихат Төрағаларының ұсынуымен жеңімпаз аталған депутаттарды таныстырып өтсек, Шымкент қаласынан Қожамжарова Дәриякүл Пернешқызы, Астана қаласынан Купешов Нұрлан Маратұлы, Жамбыл облысынан Жилкибаев Досбол Маликамарұлы мен Кадырбекова Зәуреш Қалқаманқызы, Алматы облысынан Тулепбергенова Асель Болатқызы мен Нұрсултан Орынбасаров, Түркістан облысынан Тажиева Гульбахира Қалмұханқызы, Сейтжанов Нұржан Серикжанұлы және Давлетяров Нұралы Абдирахимұлы, Қарағанды облысынан Абильдин Ермек Төлеуұлы, Ұлытау облысынан Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлы, Абай облысынан Оспанов Қанат Рысбекұлы, Солтүстік Қазақстан облысынан Эрман Владимир Владимирович пен Асқаров Қанат Қаиырлыұлы, Атырау облысынан Жолмуханова Асель Бауржанқызы, Павлодар қаласынан Аскарова Алия Аскарқызы, Атырау қаласынан Кулмагамбетов Вадим Равильевич пен Даулетияров Рауан Рахымгалиұлы үздіктер қатарынан көрінді.

Эльмира Сегизбаева

PR құқығында*

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005009-bizdin-deputat-basylymynyn-qorytyndysy-boiynsa-uzdik-deputattar-anyqtaldy/

pixel