Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадан Андрей Лукин сенат депутаты болып сайланды

Опубликовано:

Андрей Лукин
Андрей Лукин. Фото: Senate.parlam.kz

Шығып қалған депутаттың орнына Астанадан парламент сенатының депутатын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижеcі шықты. Ең көп дауыс жинаған Андрей Лукин болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың жалпы саны – 31 адам, бюллетень алып, дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 29.

Дауыстар келесідей бөлінді:

  • Зейнұлқабден Табиғат – 6;
  • Әбілқайыр Сайранбек Ербатырұлы - 4;
  • Лукин Андрей Иванович – 19;
  • "Барлығына қарсы" деген белгісі бар бюллетеньдердің саны – 0;

"Ең көп сайлаушылардың дауысын алған парламент сенатының депутаттығына кандидат Лукин Андрей Иванович, 65,5 пайыз", – деп атап өтті ОСК.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы сенат депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланған болатын. Бибігүл Жексенбайдың Астанада 62,1 пайыз дауыс жинағаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005360-astanadan-andrei-lukin-senat-deputaty-bolyp-sailandy/

pixel