Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Қуаныш Асылов
Қуаныш Асылов. Фото: gov.kz

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдік ресми сайтында.

Қуаныш Асылов 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құқықтану ғылымдарының магистрі, сондай-ақ Вашингтон Дюк университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің саясаттану ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

1995-2002 жылдары – бизнес саласындағы басшылық лауазымдарды, ал 2002-2006 жылдары – мемлекеттік органдарда қызмет атқарған.

2006-2010 жылдары – Қазақстан президентінің Іс басқармасында ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі.

2011-2013 жылдары – Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры.

2013-2014 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.

2014-2017 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы.

2017-2018 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары.

2019 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, Қазақстан президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті болған.

Айта кетейік, Қуаныш Асыловқа дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін 2020 жылдан бері Шыңғыс Мұқан атқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылғы желтоқсан айының соңында босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005614-symkent-qalasy-akiminin-birinsi-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel