Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Жарияланған күні:
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан премьер-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды", - делінген қордың хабарламасында.
"Самұрық-Қазына" қорының мәліметінше, бұл лауазымды бұған дейін Джон Дудас иеленген.
Ол қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар кеңесінде қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005938-alixan-smaiylov-samuryq-qazyna-qorynyn-direktorlar-kenesinin-toragasy-bolyp-sailandy/