Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:
Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Көшеров Нұралхан Оралбайұлы тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент әкімшілігімен келісілген, деп хабарлайды облыстың ресми сайты.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарын аппараттық кеңесте таныстырған. Белгілі болғандай, Нұралхан Көшеров бұл қызметте басқа жұмысқа ауысқан Арман Сабитовты алмастырған.
Нұралхан Көшеров 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университеті, Қазақ Гуманитарлық заң университеті, Мәскеудегі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы "Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы" жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастаған.
2009-2011 жылдары Қаржы министрлігінің салық комитетінде талдаушы, Астана қаласы салық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2010-2014 жылдар аралығында Астана қаласының салық департаменті Есіл ауданының салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы, Қаржы министрлігі салық комитетінің Астана қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болды.
2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2018-2021 жылдары қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, қаржы министрігінің мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауызымын атқарған.
2021 жылдан бері Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005980-turkistan-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/