Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Қазпошта" басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Әсел Жанасова
Қасым-Жомарт Тоқаев және Әсел Жанасова. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Кездесу барысында президентке ұлттық пошта операторының даму стратегиясы таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram арнасы.

Әсел Жанасованың айтуынша, қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту, қолданыстағы инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ электронды коммерция мен халықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыру "Қазпошта" жұмысының басым бағыттары болады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желісін дамытуға қатысты жоспары туралы мәлімет берілген.

Кездесу соңында мемлекет басшысы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, аталған бағыттар жөніндегі стратегияны жүзеге асыру ісін жалғастыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006021-toqaev-qazposta-basqarma-toragasy-asel-zanasovany-qabyldady/

pixel