Top.Mail.Ru

Зектілері

Наиль Ахметзакиров Сот әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Наиль Ахметзакиров
Наиль Ахметзакиров. Фото: academy-gp.kz

Наиль Ахметзакиров еліміздің Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еліміздің Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Наиль Ахметзакиров 1983 жылы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Заңтану" мамандығы бойынша, 2008 жылы Ресей Федерациясының қазіргі гуманитарлық академиясын "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит" мамандығы бойынша бітірген.

Сондай-ақ "Прокурорлық қадағалау" мамандығы бойынша заңтану магистрі дәрежесін алған. Аға әділет кеңесшісі.

Әр жылдары Зырян ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы прокуратура басқармасының аға прокуроры;

Еліміздің Бас прокуратурасына қарасты С. Есқараев атындағы институт бөлімінің аға прокуроры; бөлімнің аға прокуроры, қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің меншік және кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы;

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы;

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының проректорының міндетін атқарушы;

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін уақытша атқарушы;

Президент әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдан осы тағайындауға дейін Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты) басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006376-nail-axmetzakirov-sot-akimsiliginin-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/