Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Питер Фостер Air Astana билеттерінің бағасын талқылады

Опубликовано:

Тоқаев пен Питер Фостер. Фото
Тоқаев пен Питер Фостер. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Air Astana президенті Питер Фостер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет беріп, 2023-2027 жылдарға арналған жоспары жайлы баяндады.

Белгілі болғандай, Air Astana компаниясы өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге 2025 жылы жеткізілмек.

Питер Фостер сондай-ақ компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы баяндады.

Президент Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді.

Сондай-ақ кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006415-toqaev-pen-piter-foster-air-astana-biletterinin-bagasyn-talqylady/

pixel