Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерімен
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерімен. Фото: Ақорда

"Ақорда" резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президентке сенім грамоталарын Швеция Корольдігінің елшісі Ева Ульрика Пулано, Грузияның елшісі Николоз Лалиашвили, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Лвин У және Кипр Республикасының елшісі Кипрос Йоргаллис тапсырған.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту жұмыстарына табыс тілеген.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстанның достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізіп отырғанын айтқан.

Президент дипломаттардың игі миссияларын орындауы кезінде Қазақстан үкіметі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін де атап өткен.

Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006595-toqaev-birqatar-memlekettin-elsilerinen-senim-gramotalaryn-qabyldady-foto/

pixel