Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажет екенін айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Сенат отырысында сөз сөйлеп, "констициялық реформа - жаңа саяси дәуірдің бастауы" екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес.

Референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы деуге болады. Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты. Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды", - деп атап өтті президент.

Сонымен бірге мемлекет басшысы мәжіліс пен мәслихаттар жақында сайлау науқанын бастағанын жеткізді.

"Жақында ғана мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқаны өз жұмысын бастады. Бұл негізгі мемлекеттік институттарды кешенді түрде жаңғыртудың соңғы сатысы болмақ. Мәжіліс пен мәслихаттардың аралас моделін қалыптастыруға көшіп жатырмыз. Барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғау тұрғысынан мұның мәні зор. Бұл өзгеріс өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді.

Соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасын мақсатты түрде либералдандыру Қазақстанда партия құру ісіне тың серпін берді. Ұзақ уақыттан бері елімізде алғаш рет бірнеше жаңа партия ресми түрде тіркелді. Аталған деректі аралық қорытынды ретінде атап өтуге болады. Бұл – алға қарай жасалған маңызды қадам" - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006829-prezident-zogary-sayasi-zauapkersilik-madenietin-qalyptastyru-qazet-ekenin-aitty/

pixel