Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Алдағы сайлауда партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік беріледі

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатында сөйлеген сөзінде елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет екенін айты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда, елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс. Сондай-ақ, мемлекет тұғырын нығайту және ел бірлігін сақтау мәселесін бәрінен биік қоюы керек.

Партиялар азаматтық қоғамның басты тірегі болуға тиіс. Жұртшылықтың талап-тілегіне жете мән беріп, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Өз бағдарламасын заңды жолдармен іске асыруы керек. Саясаткерлердің жаңа шоғырын қалыптастырып, оларды елге таныту да маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, президент алдағы сайлауда партиялардың барлығына бірдей мүмкіндік берілетінін атап өтті.

"Салмақты саяси күштер халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, нақты мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Әлеуметтік маңызы бар идеялар мен бастамаларға барынша көңіл бөледі. Еліміздегі партиялардың көпшілігінде мемлекетшілдік ұстаным бар. Бұл – жақсылықтың нышаны.

Жұрт жақында өз таңдауын жасайды деп сенемін. Алдағы сайлауда партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік беріледі. Әкімдер қандай да бір саяси ұйымға жетекшілік ете алмайды. Ата заңға енгізілген өзгеріске сәйкес Президент барлық саяси күштен тысқары тұруға тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауы жаңа әрі әділ ереже бойынша өтеді.

Алдағы сайлауды Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артады. Мұның бәрі саяси жүйенің орнықты және тиімді болуын қамтамасыз етеді", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006830-memleket-bassysy-aldagy-sailauda-partiyalardyn-barine-birdei-mumkindik-beriledi/

pixel