Зектілері

Жақып Асанов сенаттың вице-спикері болып сайланды

Жарияланған күні:

Жақып Асанов
Жақып Асанов. Фото: facebook.com/SupcourtRK

Депутат Жақып Асанов сенаттың вице-спикері болып сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның кандидатурасын Мәулен Әшімбаев ұсынған. Депутаттар Жақып Асановты бірауыздан қолдаған.

"Сенімдеріңіз үшін рахмет. Бұл үлкен жауапкершілік. Мен оны түсінемін. Сол себепті мен бар білімім мен тәжірибемді өз міндеттерімді атқаруға жұмсауға дайынмын", – деді Жақып Асанов.

Айта кетейік, бүгін сенат спикері лауазымына Мәулен Әшімбаев қайта сайланған еді. Оның кандидатурасын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006854-zaqyp-asanov-senattyn-vice-spikeri-bolyp-sailandy/