Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңестің құрылуы ұлттық ғылыми жүйені басқару ісін жетілдіруге және Қазақстанның ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал етеді.

Қазақстан президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрамы мен ережесі осы жарлықпен бекітілген.

Кеңес құрамына халықаралық деңгейде танылған, ғылыми-зерттеу белсенділігі жоғары, ғылымның басым бағыттарында еңбек ететін академиктер мен ғалымдар енген.

Сондай-ақ кеңес құрамына Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III (АҚШ), сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірқатар отандасымыз кірген.

Бұдан бөлек ғылыми, ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты жүзеге асыруға жауапты үкімет мүшелері кеңес құрамына енген. 

Отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың ұлттық кеңеске мүше болуы Қазақстан ғылымын дамытуда перспективті және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға оң септігін тигізеді деп күтілуде.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006933-qazaqstan-prezidentinin-zanyndagy-gylym-zane-texnologiyalar-zonindegi-ulttyq-kenes-quryldy/

pixel