Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың Telegram арнасы.
Президентке Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.
Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.
Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007609-toqaev-ulttyq-bank-toragasyn-qabyldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.