Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Саиров Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі жерлердің мемлекетке қайтарылғанын айтты

Опубликовано:

жер
Жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Amanat партиясының мүшелері латифундистерден жерді тәркілеу процесін бақылауда ұстайды. Бұл туралы партия жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді, деп хабарлайды Amanat партиясының ресми сайты.

Отырыс барысында Ерлан Саиров қазіргі уақытта мемлекетке Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын атап өтті.

Партия сайтындағы мәліметке сәйкес, бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған.

"Аmanat партиясының қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! "Бармақ басты, көз қыстымен" жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, "бұрынғы еңбегіңізге", қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр", - дейді Ерлан Саиров.

Сондай-ақ жиын барысында партиялықтар Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйін және партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру жұмысын талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007726-erlan-sairov-bolat-nazarbaevtyn-ensiles-kompaniyalaryna-tiesili-zerlerdin-memleket-mensigine-qaitarylganyn-aitty/

pixel