Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жазушы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоғын қойды (фото, видео)

Опубликовано:

Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жазушы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент ескерткіштің жанында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, белгілі қаламгердің ұлт руханиятын дамытуға зор үлес қосқанын айтты.

"Шерағаң – халқымыздың біртуар азаматы, заңғар жазушы десек артық айтқандық емес. Жас кезімізден бастап біз бәріміз оның "Қызыл жебе" романын, басқа да шығармаларын оқыдық. Әсіресе, "Бір кем дүние" туындысы әлі күнге дейін өзекті. Халқымызға, әсіресе, жастарға рухани азық болған дүние деп айтуға болады. Сондықтан жазушының ескерткішіне арнайы келіп, тағзым етіп отырмыз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары Фото: Ақорда

Кездесу барысында жергілікті зиялы қауым өкілдері елді толғандыратын мәселелерді айтып, өз ойларын ортаға салды. Олар мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформаларды қолдайтынын жеткізіп, шығармашылық адамдарына мемлекеттің көрсетіп жатқан қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Президент жазушының баласы ретінде шығармашылық адамдарын әрқашан қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ еліміз дамып, өркендеуі үшін алдағы саяси науқандар кезінде де, ең алдымен, ауызбіршілік қажет екеніне назар аударды.

"Ең басты мәселе – әділ, ашық болу керек. Осындай лайықты адамдар біздің парламентке келсе, еліміздің дамуына үлес қосады деп үміттенемін. Дүниежүзінде болып жатқан жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек. Ең басты міндетіміз – мемлекеттілігімізді сақтап қалу. Сын-қатерлер аз емес. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық, бір ұлт болып ұйысып, ел үшін қызмет етейік", – дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007949-arnaiy-kelip-tagzym-etip-otyrmyz-toqaev-zazusy-serxan-murtaza-eskertkisine-gul-sogyn-qoidy-foto-video/