Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда халық ықыласына бөленген қандасымыз Табиғат ресурстары министрінің кеңесшісі болды

Опубликовано:

Расул Кушербаев
Расул Кушербаев. Фото: ӨзА ақпарат агенттігі

Өзбекстанда өзекті мәселелерді үнемі көтеріп, халық ықыласына бөленген экс-депутат Расул Кушербаев Табиғат ресурстары министрінің кеңесшісі болды, деп хабарлайды ӨзА ақпарат агенттігі.

Басылымның жазуынша, Расул Кушербаев жаңа қызметке тағайындалғаны туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген.

Ол желідегі жазбасында ел дамуы, болашағы, тағдырына қатысты мәселелерге белсене қатысуды жалғастыратынын хабарлаған.

"Табиғат ресурстары министрінің кеңесшісі ретінде жұмысымды жалғастыратын болдым. Енді табиғат ананы қорғау жолындағы бар мәселені шешу үшін ойымызда бар көптеген жоспарды жүзеге асыруға тырысамыз. Ең бастысы, жұртшылық пен халық арасындағы байланыстан үзіліс болмайды. Негізгі жұмыс әлі алда", - деп жазған Расул Кушербаев желідегі парақшасында.

Қазақпараттың мәліметінше, Расул Қыдырәліұлы Кушербаев 1987 жылы 12 қаңтарда Ташкент облысы Янгиюль ауданында дүниеге келген. Қазақ ұлтынан шыққан өзбек саясаткері, редактор, заңгер және журналист.

Ол бұған дейін Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис заң шығару палатасының депутаты болған кейін өз еркімен бұл қызметтен кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008121-ozbekstanda-xalyq-yqylasyna-bolengen-qandasymyz-tabigat-resurstar-ministrinin-kenessisi-boldy/

pixel