"Баршамыздың қабырғамызды қайыстырды": Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтқан.
Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізген.
Сонымен қатар президент көңіл айту кітабына жазба қалдырған.
"Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын", – деп жазған мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008532-memleket-bassysy-qazaqstandagy-turkiya-elsiligine-bardy/