Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі Әділет вице-министрі жаңадан тағайындалды

Опубликовано:

Папка ұстаған қызметкер
Папка ұстаған қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет қаулысымен жаңа Әділет вице-министрлері тағайындалды. Бұл туралы үкімет ресми сайтында хабарлады.

Атап айтқанда, үкімет қаулысымен Даниель Мерейұлы Ваисов Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Даниель Ваисов
Даниель Ваисов. Фото: t.me/KZgovernment

Айта кетейік, Даниель Ваисов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

"Әділет" жоғары құқық мектебін, Нархоз университетін, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Мемлекеттік кіріс министрлігінде жеке келісім-шарт негізінде оператор болып бастаған.

2022 жылғы наурыз-қазан аралығында – Мемлекеттік кіріс министрлігінің Cалық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу бөлімі бас маманының м. а., сонымен бірге аталған министрліктің Салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі департаментінің Салық заңнамасын түсіндіру басқармасының Салық заңнамасын түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

2002-2003 жылдары – Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтық бақылау басқармасы Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы.

2003-2010 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-та Халықаралық келісім-шарттар департаментінің заңгері, Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің аға заңгері, Халықаралық келісім-шарттар департаментінің бас заңгері, Халықаралық келісім-шарттар департаментінің I санатты заңгері болған.

2010-2020 жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметінің басшысы қызметін атқарған.

Ботагөз Жақселекова
Ботагөз Жақселекова. Фото: t.me/KZgovernment

Сондай-ақ үкімет қаулысымен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.  

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Exeter University, Ресей федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 

Еңбек жолын Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының маманы қызметінен бастаған.

2002-2007 жылдары – Әділет министрлігі құрылымында түрлі қызметтер атқарған. 

2007-2012 жылдары – Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары.

2012-2013 жылдары – Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы.

2013-2015 жылдары – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2015-2017 жылдары "СК-Фармация" ЖШС Стратегиялық даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Стратегия, талдау және халықаралық қатынастар департаментінің басқарушы директоры, директоры.

2017-2018 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары – "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2019-2020 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болған.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009314-eki-adilet-vice-ministri-zanadan-tagaiyndaldy/