Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке бірқатар міндет жүктеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Мұрат Әйтенов
Қасым-Жомарт Тоқаев және Мұрат Әйтенов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесуде үшінші мегаполистің басшысы президентке қаланың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырған.

Мұрат Әйтеновтің айтуынша, былтыр қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жеткен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асқан. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітілмек.

Сондай-ақ Мұрат Әйтенов президентке жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілетіні туралы баяндаған. Бұдан бөлек "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту  жөнінде бірқатар міндет жүктеген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010575-toqaevqa-symkent-qalasynyn-akimi-murat-aitenovke-birqatar-mindet-zuktedi/

pixel