Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖСДП: Басқа елге бет алған білікті мамандарды қалай қайтарамыз?

Опубликовано:

Кездесу
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) барлық қазақстандар үшін тегін жоғары білім енгізуді ұсынады. Бұл білімді азаматтарымыздың шетел асуына кедергі болып, кәсіби мамандардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді.

Күні кеше ЖСДП ұйымдастыруымен өткен «Білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ЖСДП Жастар қанаты жетекшісі Мақсұт Насибулов:

«Кейде біздің үкімет басқа әлемде өмір сүріп жатыр ма деп ойлап қаласың. Билік басындағылардың көші-қон саясаты концепциясын қарастырып, қазақстандық азаматтықты алғысы келетін шетелдіктер үшін шектеулер енгізгенін басқаша қалай түсіндіруге болады? Үкіметтегілердің ойынша, шетелдіктер біздің елде тұруды армандайды-мыс. Бір жағынан, тапшы мамандықтар бойынша 500 үздік маманды елімізге тарту жөнінде ойланғаны да бар. Өзіміздің азаматтарымыз шетел асып жатқанда, шетелдіктер бізге расымен пайдалы бола ала ма?» - деп мәселе көтерді.

Кездесу
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

ЖСДП-ның бағдарламасында тегін жоғары білім қажеттілігі атап өтілген.

Статистикаға сүйенер болсақ, жыл сайын қазақстандық мектептерден түлеп ұшатын оқушылардың 60 мыңы шетелге оқуға түседі. Оған бірнеше себеп бар: білім сапасына кері әсерін тигізетін орта және жоғары білім беру мекемелеріндегі жемқорлық және ҚР-дағы тым қымбат білім ақысы. Шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

«Білім беру мекемелерінде емтиханды сатып алу тәжірибесі кеңінен таралғандығы жасырын емес. Сол себепті сапалы білім туралы айтудың қажеті де жоқ шығар. Мұның бәрі мемлекеттік экономикамыздың ақсаңдауына әкеп соқтырады. Бүгінде азаматтарымыз тіпті сапалы медициналық қызмет те ала алмауда. Барлық дерлік салаларға қатысты маман тапшылығы сезілуде», - деп атап өтті Мақсұт Насибулов.

Талғат Омаров
Талғат Омаров. Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Кандидаттың пікірінше, Қазақстандағы қымбат ЖОО-ларда олигархтардың балалары ғана білім алады. Олардың шетелде де оқып жүргендері анық нәрсе. Екінің бірі түсе алмайтын «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» түлектері де әдетте шетелдік жоғары оқу орындарын таңдайды.

«Соңғы жылдары көптеген білікті мамандарымыз елден кетуде. Шетел асқандардың аз бөлігі ғана мемлекетке қайта оралады. Мұндай қарқынмен күндердің бір күні жоғары оқу орындарында оқитын студент қалмайды. Мемлекеттік тілге де жеткілікті көңіл бөлінбеуде. Азаматтарымыздың қажеттілігі мен қызығушылығы сол баяғы, білім беру курстары да жоқ емес, бірақ 30 жылда өзгерген ештеңе жоқ. Биліктегілер мемлекеттік тілді насихаттауға қауқарсыз, не мұны расымен қаламайды», - деп атап өтті депутаттықта кандидат.

Кездесу
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, ЖСДП білім беру мекемелерінің лицензияларын тексеру және кері қайтарып алуды ұсынады.

Басып шығарушы: баспасөз қызметі Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Астана қаласы, Қабанбай батыр 5/1

Тапсырыс беруші: Самбетбай Тазабек

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауалды қорының қаражат есебінен төленді.

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011095-zsdp-basqa-elge-bet-algan-bilikti-mamandardy-qalai-qaitaramyz/

pixel