Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011912-qasym-zomart-toqaev-resei-prezidenti-vladimir-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/