Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бизнесті негізсіз қудалауға жол бермейтін заң жобасы әзірленді": Әділет министрі Тоқаевқа есеп берді

Опубликовано:

Әділет министрі Азамат Есқараев президент қабылдауында
Әділет министрі Азамат Есқараев президент қабылдауында. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында Азамат Есқараев президентке әділет органдары қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп беріп, реформа жүргізілетін бағыттарды таныстырған.

Сондай-ақ министр Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді тексерудің аяқталғанын мәлімдеген. Бұл ретте 1000-нан астам бап пен 1200 ұсынысқа талдау жүргізілген. Нәтижесінде азаматтар мен кәсіпкерлер құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін ескеретін және бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленген.

Азамат Есқараевтың айтуынша, заңнаманың сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын жандандыру, ғалымдарды кеңінен тарта отырып заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету, реформаларды ақпараттық тұрғыда қолдауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделген.

Сонымен қатар Азамат Есқараев президентке Әділет министрлігіне қарасты мәселелер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру шараларын қамтитын 12 жобаны таныстырған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке жүктелген міндеттердің сапалы іске асырылуының маңыздылығына назар аударып, заңнаманы одан әрі жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012706-biznesti-negizsiz-qudalauga-zol-bermeitin-zan-zobasy-azirlendi-adilet-ministri-prezdentke-esep-berdi/

pixel