Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәслихат депутаттығына кандидат: Менің бағдарламам - жай ғана уәде емес

Опубликовано:

Ербол Батталов
Фото: Ербол Батталовтың жеке мұрағатынан

Астана қаласының №12 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Ербол Батталов өзінің сайлау додасындағы ұраны мен бағдарламасын халық назарына ұсынды. Депутаттықтан үміткер сайлауалды бағдарламасының бос уәде емес екенін қадап айтты.

Мәслихат депутаттығына кандидат «Алаш» қайраткерлерінің «Жерiмiздiң әрбiр түйiр тасы қазақтың кеудесiне түйме болып тағылып, әрбiр уыс жүнi - иығына тоқыма болып киiлуге тиiс» деген ұранын өмірлік қағидасы етіп таңдап алыпты. Айтуынша, басты мақсаты – ел азаматтарының әлеуметтік проблемаларын шешуге атсалысу.

«Мен сайлауға қаламыздың мәселелерін шешу үшін барамын, себебі оларды бұқаралық ақпарат құралдарынан немесе басқа ақпарат көздерінен емес, Астанада туып-өскендіктен, өз тәжірибемнен кездестірдім. Менің басты мақсатым - қаламыздың азаматтарына, олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуде көмек көрсету. Менің бағдарламам жай ғана уәде емес. Жүзеге асатын іс. Бұған сенімді болыңыз», - дейді ол.

Бүгінгі таңда Батталов Астанадағы №12 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде сайлауалды додаға белсенді түрде қатысуда.

«Өзгеріс бізден басталады. Белсенді азаматтық ұстаным - әділ сайлаудың кепілі. 19 наурыз күні өз сайлау учаскеңізге келіп, азаматтық борышыңызды орындауға шақырамын», - дейді Ербол Жанатұлы.

Айта кету керек, Батталов Ербол Жанатұлы 1984 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Орта мектепті және колледжді үздік аяқтап, колледжде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын меңгерген. Сонымен бірге «Банк ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған әрі запастағы лейтенант. Үйленген, бес ұлдың әкесі. Еңбек қызметінде жалдамалы қызметкерден жеке кәсіпкерге дейінгі жолды өткен.

Ербол Батталовтың сайлау алдындағы бағдарламасымен Instagram желісіндегі Battalov_Yerbol парақшасынан танысуға болады.

Басып шығарушы: Батталов Е.Ж.

Тапсырыс беруші: Батталов Е.Ж.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төлейді.

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013163-maslixat-deputattygyna-kandidat-menin-bagdarlamam-zai-gana-uade-emes/

pixel