Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш рет "Қазақстан барысы" атанған Ұлан Рысқұл жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Ұлан Рысқұл
Ұлан Рысқұл. Фото: Жетісу облысының әкімдігі

"Қазақстан барысы" турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ұлан Рысқұл елімізде 2011 жылдан бері жыл сайын өтетін "Қазақстан Барысы" турнирінің тұңғыш чемпионы. Ол 1986 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану, Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін қаржы, Аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетін дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласында Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК дзюдодан (ерлер) Қазақстан ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы болып бастаған.

Әр жылдарда Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру агенттігінің дзюдодан (ерлер) Қазақстан ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы, Bagueri Asia ЖШС менеджері, "Халықаралық "Қазақ күресі" федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысының кеңесшісі, бас хатшысы лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың сәуірінен – осы тағайындауға дейін Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Іле ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013221-tungys-ret-qazaqstan-barysy-atangan-ulan-rysqul-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel