Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс корпорациясы" мен "Әділетті жол" келісімге қол қойды

Опубликовано:

"Қазақмыс корпорациясы" мен "Әділетті жол" келісімге қол қойды
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Әділетті жол» ҚБ (Сәтбаев қ.) мүшелерімен әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.

Келісімнің мәтініне сәйкес «Әділетті жол» ҚБ (бұдан әрі – бірлестік) мүшелері болып табылатын «Қазақмыс» қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының кешенді түрлері көрсетіледі және компанияда қолданылып жүрген ұжымдық шартта көзделген жеңілдіктер беріледі, оның ішінде:

"Қазақмыс корпорациясы" мен "Әділетті жол" келісімге қол қойды
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

  • Жұбайы немесе отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда қызметкерлерге орташа жалақысын сақтай отырып, әлеуметтік демалыстар беру;
  • Жүкті әйелдерге арналған қосымша әлеуметтік демалыс;
  • Ауыр және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін бірлестік мүшесі болған қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша айлық жәрдемақыға қосымша төлемдер;
  • Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жұмыскерлердің жұбайлары үшін қызметтік тұрғын үйді меншікке өтеусіз беру;
  • Салалық төсбелгілермен марапатталған бірлестік мүшелеріне біржолғы сыйақы;
  • Өндірісте қаза болған бірлестік мүшелеріне, өндірістегі жазатайым оқиғадан мүгедектігі немесе кәсіптік ауру салдарынан еңбекке жарамсыз болғандарына моральдық зиянның орнын толтыру.
"Қазақмыс корпорациясы" мен "Әділетті жол" келісімге қол қойды
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Қол қойылған келісім шарт корпорация жұмыскерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013354-qazaqmys-korporaciyasy-men-adiletti-zol-kelisimge-qol-qoidy/

pixel