Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті

Опубликовано:

Фольклер Тюрк пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Фольклер Тюрк пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өткен.

Сондай-ақ мемлекет басшысы еліміздің адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеген.

Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның негізгі конвенциялары мен хаттамаларының бәрін ратификациялады және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласында өзара белсенді іс-әрекет механизмдері жасалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркпен кездесуде
Президенттің Фолькер Тюркпен кездесуінен фото: t.me/aqorda_resmi

Өз кезегінде Фолькер Тюрк қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан және осы жылдарда адам құқықтары мәселесі бойынша ұйымның Қазақстан билігімен арадағы қалыптасқан қарым-қатынасына оң баға берген.

Сонымен қатар Жоғарғы комиссар президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өткен.

"Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым. Біз үшін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі реформалардың ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты.

Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс деп ойлаймыз. Биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толады. Біз бұл атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастырғымыз келеді", - дейді Фолькер Тюрк.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013365-toqaev-buu-nyn-adam-quqyqtary-zonindegi-zogargy-komissary-folker-tyurkpen-kezdesti/