Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министр Смайылов: Біз отставкаға кетеміз

Опубликовано:

Әлихан Смайылов сайлау учаскесінде дауыс берді
Әлихан Смайылов дауыс берді. Фото: Т.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов елорда аудандарының бірінде өткен сайлауда дауыс бергеннен кейін үкіметтің отставкаға кетуі туралы сұраққа жауап берді. Cайлаудан кейін мәжіліс жаңарған соң министрлер кабинеті отставкаға кетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жаңадан сайланған мәжіліске дейін үкімет өз өкілеттігін отставкаға жібереді. Біз отставкаға кетеміз. Жаңа үкімет жасақталғанша біз өз міндеттерімізді орындаймыз.

Жаңа премьер-министрдің кім болатыны президент пен мәжілістің құзырында. Әрине, біз кез келген жағдайға дайынбыз. Біз мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз", – деді Смайылов.

Оның пікірінше, былтыр министрлер қиын жағдайда жұмыс істеген. Соған қарамастан экономиканың нақты өсімі 3,2 пайызды құрады.

Еске салсақ, бүгін сағат 7:00-де Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін таңертең сайлау учаскесі ашылғаннан кейін сайлауға алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013451-premer-ministr-smaiylov-biz-otstavkaga-ketemiz/

pixel