Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев VIII сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясын ресми түрде ашты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Мен бір жыл бұрын осы ғимаратта халыққа Жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік", – деді президент.

Мемлекет басшысы бір жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.

"Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ, парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді.

Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды", – деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014472-toqaev-viii-sailangan-qazaqstan-parlamentinin-birinsi-sessiyasyn-resmi-turde-asty/