Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды

Опубликовано:

Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров. Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтындағы мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Атырау қаласында туған. Ол 2005-2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін "Қаржы және кредит" және "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация" мамандықтары бойынша тәмәмдаған

2008-2010 жылдары Мичиган университетін "Қолданбалы экономика магистрі" дәрежесімен "Болашақ халықаралық стипендиясы бойынша тәмамдаған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Қазақ, ағылшын, испан, неміс және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Қуантыровтың қызметтік жолы 2005 жылы қыркүйек айынан 2006 жылы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде басталған.

2007 жылы Жапонияның Қаржы министрлігінде экономикалық саясат бойынша екі айлық тағылымдамадан өткен.

2006 жылы ақпан айынан бастап 2010 жылы қазан айына дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы және Экономикалық даму және сауда министрлігі аталған департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеген.

2010 жылы қараша айында Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2010 жылы қараша - 2013 жылы ақпан айы аралығында Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті, Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс атқарған.

2013 жылы ақпан - маусым айлары аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2013 жылы маусым - 2019 жылы сәуір айлары аралығында Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған.

2019 жылы сәуір айынан бастап 2021 жылы ақпан айына дейін Елбасы кеңсесінің бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған.

2021 жылы ақпан айынан бастап 2022 жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында жұмыс атқарған.

2022 жылы 11 қаңтардан бастап Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015339-alibek-quantyrov-ulttyq-ekonomika-ministri-lauazymyna-qaita-tagaiyndaldy/

pixel