jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында қала әкімі өз еркімен отставкаға кетті

    Әділ Өміртаев
    Әділ Өміртаев. Фото: Қостанай ауданының әкімдігі

    Тобыл қаласының әкімі Әділ Өміртаев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алау порталына сілтеме жасап.

    Қостанай облысы әкімі аппаратының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Әділ Өміртаев 2004 жылы Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Қамысты аудандық қаржы басқармасының есеп және есеп беру бөлімінің маманы ретінде бастаған.

    Одан кейін Қамысты ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы болған.

    "Қостанай облысының қаржы басқармасы" ММ жекешелендіру және жекешелендіруден кейінгі бақылау бөлімнің бас маманы қызметін атқарған.

    "Қостанай облысының қаржы басқармасы" ММ білім беру, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік ұйымдарын қаржыландыру бөлімнің бас маманы болған.

    "Қостанай облысының қаржы басқармасы" ММ талдаудың жиынтық жоспарлау бөлімнің бас маманы қызметін атқарған.

    "Қостанай облысы мәслихаттың аппараты" ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

    Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінің әкімі болды.

    Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті әкімінің уақытша міндетін атқарған.

    2017 жылдың қаңтар айынан бастап Тобыл қаласының әкімі болған.

    Қостанай облысында қала әкімі өз еркімен отставкаға кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.