Тоқаев бүгін Ресейге барады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады.
Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады.
Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019791-toqaev-bugin-reseige-barady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.