Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты

Опубликовано:

Мәскеу қаласы "Қызыл алаңдағы" әскери парад
Тоқаев "Қызыл алаңдағы" әскери парадқа қатысты. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Әскери парадта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан gрезиденті Шавкат  Мирзиёев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019839-toqaev-zenis-kunine-arnalgan-maskeudegi-qyzyl-alanda-otken-askeri-paradqa-bardy-foto/

pixel