Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл балаларына қатысты сұрақ": Қошанов Жигули Дайрабаевпен болған жайтқа пікір білдірді

Опубликовано:

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаев. Фото: facebook.com/Жигули Дайрабаев

Палата кулуарында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Жигули Дайрабаевқа қатысты келеңсіздіктерге пен қазақстандықтардың оны мандатынан айыру туралы талабына пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері "балалары жемқорлық үшін шартты түрде сотталған азаматпен бірге бір палатада отыру ұялтпай ма?" деп сұрады.

"Жигули Дайрабаевқа қатысты заңды сұрақтар жоқ. Бұл - жеке өзіне емес, балаларына қатысты сұрақтар. Депутат үнемі жұртшылықтың назарында болғандықтан, оның балалары мен туыстары да "микроскоппен" жіті бақылауда", - деді Ерлан Қошанов.

Ол ашық қоғамда кез келген қате әрекет белгілі болатынын айтты.

"Депутат Дайрабаев заң бұзса, шешімді "Ауыл" партиясы қабылдауы керек", - деп қосты мәжіліс төрағасы.

Журналистердің "Бұл жағдайда мәжілістің беделі түсіп жатыр ма?" деген сұрағына ол: "Менің ойымша жоқ", - деп жауап берді.

Айта кетейік, сәуір айының басында Таразда мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққан болатын. Онда қаржының бір бөлігі алаяқтық жолмен жымқырылып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған, осылайша мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келгені белгілі болған еді.

Кейін Жигули Дайрабаев алғаш рет істі болған ұлдарына қатысты мәлімдеме жасағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019950-bul-suraqtar-balalaryna-qatysty-qosanov-ziguli-dairabaevqa-bailanysty-pikir-bildirdi/

pixel