Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заң аясында шешілуі керек": Әшімбаев Назарбаевтар әулетінің байлығына қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Видеодан кадр: Qazaqstan телеарнасы

Палата кулуарында сенат спикері Мәулен Әшімбаев "Тұңғыш президенттің туыстары Қазақстанның ең бай адамдарының тізіміне қалай кіргенін тексеру керек пе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Forbes Kazakhstan журналы елдегі ең бай 50 адамның тізімін жаңартқанын атап өтті. Рейтингте бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаева, екінші қызы мен күйеу баласы Динара мен Тимур Құлыбаевтар, сондай-ақ Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев бар.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері "бұл адамдардың қалай байығанын тексеру керек пе?" деп сұрады.

"Мен сіз айтқан ақпаратты көрген жоқпын. Бірақ мұндай мәселенің бәрі заң аясында шешілуі керек", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ сенат төрағасы демократиялық, құқықтық елде кез келген мәселе заң аясында қаралатынын айтты.

"Кез келген мәселеге байланысты заңға жүгінуіміз керек. Сондықтан сіз айтқан мәселе заң аясында шешілуі керек. Сұрақтарыңыз болса, құқық қорғау органдарына қоюға болады", - деді Әшімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020094-zan-ayasynda-sesilui-kerek-asimbaev-nazarbaevtar-auletinin-bailygyna-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/

pixel