Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аслан Аталықов Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Аслан Аталықов
Аслан Аталықов. Фото: t.me/police_of_kz

Полиция полковнигі Аслан Аталықов Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

"Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымына бұрын осы комитет төрағасының міндетін атқарған полиция полковнигі Аслан Базарбайұлы Аталықов тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Көші-қон қызметінің жаңа төрағасын министрліктің басшы құрамына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырған.

Министр Аслан Аталықовтың құқық қорғау органдарындағы әр түрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесін, жоғары кәсібилігін атап өтіп, оған жаңа қызметінде табыс тілеген.

Айта кетейік, кеше, 11 мамырда Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция департаментіне жаңа басшылар тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020249-aslan-atalyqov-iim-kosi-qon-qyzmeti-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel