jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Светлана Жолманованы және басқа да бірқатар судьяны қызметінен босатты

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Президент арнайы жарлыққа қол қойып, еліміздің әр өңіріндегі судьялардың кейбірін қызметінен босатып, жаңа судьяларды тағайындады. Құжат "Әділет" Қазақстан нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі ресми сайтында жарияланды.

    Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату" туралы жарлығына сәйкес мына тізімдегі судьялар атқаратын қызметінен босатылды:

    • Ақтөбе облыстық сотының судьясы Жапаров Еркін Мұсаханұлы - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот алқасының шешімі бойынша;
    • Жамбыл облыстық сотының судьялары Жұмағұлов Нұрлан Асуұлы мен Сыздықова Гүлнар Коминтернқызы отставкаға кетуіне байланысты;
    • Түркістан облыстық сотының судьясы Жаппасова Клара Жаппасқызы отставкаға кетуіне байланысты;
    • Астана қаласы бойынша: Алматы аудандық сотының судьясы Смағұлова Нұргүл Ілесқызы басқа жүмысқа ауысуына байланысты;
    • Есіл аудандық сотының судьясы Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
    • кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кушакова Марина Афанасьевна отставкаға кетуіне байланысты;
    • Алматы қаласы бойынша: Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Рамазанова Айжан Қадылбекқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
    • Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова Светлана Сәтбайқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот алқасының шешімі бойынша;
    • Шымкент қаласы бойынша: Абай аудандық сотының судьясы Мылтықбаев Қанат Елемесұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот алқасының шешімі бойынша;
    • Абай облысы бойынша: Семей гарнизоны әскери сотының судьясы Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы отставкаға кетуіне байланысты;
    • Алматы облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Түменбаева Алмакүл Қанапияқызы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;
    • Атырау облысы бойынша: Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Трумова Дина Шоқанқызы қайтыс болуына байланысты;
    • Батыс Қазақстан облысы бойынша: Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Губашев Нұрлан Ерболатұлы қайтыс болуына байланысты;
    • Қарағанды облысы бойынша: Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Мұхатжанова Бақыт Батбекқызы отставкаға кетуіне байланысты;
    • мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Дурдыев Рафаил Ибрагимович отставкаға кетуіне байланысты;
    • Теміртау қалалық сотының судьясы Шаяхметова Айжан Ғазизқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот алқасының шешімі бойынша;
    • Теміртау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы отставкаға кетуіне байланысты;
    • Қостанай облысы бойынша: Лисаков қалалық сотының судьясы Ағыбаев Нұрлан Базарбайұлы отставкаға кетуіне байланысты.

    Бұл ретте президент төмендегі судьяларды тағайындау туралы шешім қабылдады:

    • Ақтөбе облысы бойынша: Қарғалы аудандық сотына Сәрсенова Данагүл Қайратқызы;
    • Алматы облысы бойынша: Қарасай аудандық сотына Өтегенова Жазира Әбдірәшидқызы;
    • Жамбыл облысы бойынша: Талас аудандық сотына Ізбасаров Қайрат Болатұлы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
    • Қарағанды облысы бойынша: Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына Екзеков Талғат Тұрсынұлы осы облыстың Саран қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
    • Қостанай облысы бойынша: Амангелді аудандық сотына Бекбосынов Ерлан Қайратұлы; Қарабалық аудандық сотына Усмаев Бек-Хан Ханпашаевич;
    • Қостанай қалалық сотына Минх Евгения Витальевна;
    • Лисаков қалалық сотына Айсенова Мәдина Зиноллақызы, Сапабекова Алина Әлиқызы;
    • Рудный қалалық сотына Бижанов Асылхан Айдарханұлы; Жаңабаева Динара Сапарғалиқызы; Иманбаева Гүлсүм Бағдадқызы;
    • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның сотына Калинина Наталья Владимировна;
    • Мамлют аудандық сотына Зубкова Инна Викторовна;
    • Түркістан облысы бойынша: Сарыағаш аудандық сотына Орынбаев Жасұлан Жұмағалиұлы;
    • Түркістан қалалық сотына Ақынов Жанәбіл Болатұлы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
    • Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Шемонаиха аудандық сотына Қалдаманова Қымбат Оразқанқызы.
    Тоқаев Светлана Жолманованы және басқа да бірқатар судьяны қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.