Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жаңа прокурорлар тағайындалды

Опубликовано:

Мұрат Тлеубердиев пен Қайрат Әбдіханов
Мұрат Тлеубердиев пен Қайрат Әбдіханов. Фото: t.me/GenPr

Мемлекет басшысының келісімі негізінде Бас прокурордың 2023 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында.

"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас прокурордың 2023 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев Түркістан облысының прокуроры лауазымына, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мұрат Тлеубердиев 1973 жылы 20 қарашада Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментін басқарған.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Ал Қайрат Әбдіханов 1972 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарды атқарған. Оның ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл аудынының, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Тағайындалғанға дейін Павлодар облысының прокуроры болған. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған Бағбан Таймбетов қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020720-turkistan-zane-soltustik-qazaqstan-oblystaryna-zana-prokurorlar-tagaiyndaldy/

pixel