Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүз рет айтылды": Тоғжанов жалақысының көлемі туралы сұраққа жауап берді (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов. Скриншот: Youtube / Орталық коммуникациялар қызметі

17 мамыр күні Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте Ақтөбе облысының басшысы Ералы Тоғжановтан журналистер жалақысы қанша екенін сұраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өткен жылы әкім бұл сұраққа жауап беруден бас тартқан еді. Алайда бұл жолғы брифингте қанша жалақы алатынын айтты.

"Қолыма 1 миллион 900 мың аламын. Бұл жүз рет айтылды, басқа сұрақтар бар ма? Ашып көруге болады, ол барлық жерде (жазылған - ред.) - дайындалу керек еді (брифингке - ред.). Интернетті ашса, бәрі бар", - деп жауап берді Тоғжанов журналистің сұрағына.

Еске сала кетейік, былтыр БАҚ өкілінің жалақыға қатысты сұрағына Ақтөбе облысының әкімі "Мен сізден айлығыңыз қанша деп сұрамаймын ғой" деп жауап берген болатын.

Айта кетейік, Тоғжанов бүгін Ақтөбедегі ең қымбат мейрамханада мерейтойын тойлау туралы ақпаратқа да қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020964-aqtobe-oblysynyn-akimi-qandai-zalaqy-alatynyn-aitty-video/

pixel