Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Тоқаевтың қатысуымен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтеді

Опубликовано:

Қазақстан мен Қытай делегациясының кездесуі
Қазақстан мен Қытай кездесуінің дөңгелек үстелі. Фото: Telegram / @aqorda.kz

Бүгін Сиань қаласында Тоқаевтың қатысуымен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"СNPC, CITIC, SPIC, Sinopec, Asian Infrastructure Investment Bank, POWERCHINA, GENERTEC, COFCO, XCMG, JD Group, Sun Seven Star Investment Group, Xian Aiju Grain and Oil Industrial Group, Great Wall Motors, Chery, Huawei Technologies, Changan International Corporation cияқты ірі компанияларға Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылады", - делінген президенттің ресми Telegram-арнасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездескені туралы жазған болатынбыз.

Кездесу барысында екі елдің басшысы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, білім және ғылым, қаржы салаларындағы жан-жақты ынтымақтастығын дамыту, көлік-транзит әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

Одан кейін Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөздер жүргізген болатын.

Осылайша Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға байланысты бірқатар құжаттарға қол қойды.

Бүгін Тоқаев Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстандағы логистикалық орталықтың құрылысын бастау салтанатына қатысатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021052-bugin-toqaevtyn-qatysuymen-qazaq-qytai-investiciyalyq-dongelek-usteli-otedi/

pixel