Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік қазақ жерлерінің қытайлық сайттарда сатылып жатқанын жоққа шығарды

Опубликовано:

Жасыл желек өскен жер
Жер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жер комитетінің төрағасы, Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұратбек Теміржанов қазақ жердерінің қытайлық сайттарда сатылатыны туралы ақпарды жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ресми Facebook парақшасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынғанын атап өтеміз.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді.

Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз.

Кодекстің 38-бабының 5-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға (субарендаға) беруге жол келген субъектілер тарапынан аталған заң нормаларын бұзу деректері анықталған жағдайда оларға жол берген субъектілер заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылады және бұл мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021451-ministrlik-qazaq-zerlerinin-qytailyq-saittarda-satylyp-zatqanyn-zoqqa-sygardy/

pixel