Тоқаев Сингапур президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады (фото, видео)
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Сингапур президенті Халима Якобты I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентінің екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өткен.

Өз кезегінде Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірген.
Еске сала кетейік, бүгін елімізге мемлекеттік сапармен Сингапур президенті Халима Якоб келді.
Кейін Сингапур басшысын "Ақорда" резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Халима Якоб келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021573-toqaev-singapur-prezidentin-i-darezeli-dostyq-ordenimen-marapattady-foto-video/