Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы Жамбыл облысында құрылыс объектілеріне 22 770 030 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды

Опубликовано:

Бисембаев Қайрат
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылы Жамбыл облысында құрылыс объектілеріне 22 770 030 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтты.

"2023 жылы 47 (2022 жылы 26) құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 79 (2022 жылы 36) әкімшілік іс қозғалып, 22 770 030 теңгеге (2022 жылы 8 879 664 теңгеге) әкімшілік айыппұл салынды", - дейді Қайрат Бисембаев.

Қайрат Бисембаевтың айтуынша, облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысына тексеріс жүргізіп, нәтижесінде нысанының бас мердігері "ЕрК Астана" ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 1 380 000 теңге әкімшілік айыппұл салынып, ЖШС лицензиясынан айырылған. Сот шешімі заңды күшіне енген.

Сонымен қатар 4 техникалық қадағалаушының (А.Бозжигитовтің ("DACO Инжиниринг" ЖШС), Н.Кансеитовтің ("НеоГеоСтройпроект" ЖШС), Б.Исабаевтің ("ЗКА Проект" ЖШС) және Ү.Жақсыбайдың ("ЗКА Проект" ЖШС) аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылған.

Бисембаев Қайрат
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қайрат Бисембаевтың сөзінше жалпы тексерудің 4 түрі бар.

  • Бірінші түрі жоспарлы тексеру. Ол 2015 жылдан бастап тоқтаған.
  • Екінші түрі жоспардан тыс тексеру. Бұл келіп түскен арыз-шағымдар, мемлекеттік органдардың хаттары мен прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде жүргізілетін тексеру. Түскен материалдарда адамның өміріне, қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты фактілері болуы қажет.
  • Үшінші түрі бақылаудың өзге де нысаны. Ол 2018 жылдың 24 мамырынан тоқтатылған.
  • Төртінші түрі - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексеру.

"Тексерудің төртінші түрі Кәсіпкерлік кодекстегі 2023 жылдың 1 қаңтарында болған өзгерістерге сәйкес енгізілген тексерудің жаңа түрі. Тексеру тәуекелдерді бағалау өлшемшарттары негізінде қалыптасатын графикке сәйкес жүргізіледі. Басқарма өз құзіреті шегінде тек бақылау жүргізіп қана қоймай, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды да қарқынды іске асыруда", - дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ Қайрат Бисембаев бүгінгі күнде облыста құрылыс жұмыстарының қарқыны өскенін де атап өтті. Оның мәліметінше, облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 370 нысанның (2022 ж. — 603, о.і. 291 мемлекеттік бюджет есебінен, 312 жеке қаражат есебінен), 259-ы мемлекеттік бюджет есебінен (224 – өтпелі; 35 – жаңа), ал қалған 111-і жеке қаражат есебінен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021592-2023-zyly-zambyl-oblysynda-qurylys-obektilerine-22-770-030-tengege-akimsilik-aiyppul-salyndy/

pixel