Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Бегасилова Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болды

Опубликовано:

Салтанат Бегасилова
Салтанат Бегасилова. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Салтанат Бегасилова тағайындалды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.

Салтанат Бегасилованы жеке құрамға Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев таныстырған.

Салтанат Бегасилова 1972 жылы 29 тамызда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 25 жылдан бері қызмет етіп келеді. Соңғы үш жылда ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаменті бастығының орынбасары, Перспективалы технологиялар басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметінде ол елордада құқық қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіру үшін маңызды болып табылатын цифрландыру мен ақпараттандыруды дамыту жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021615-saltanat-begasilova-astana-qalasy-policiya-departamenti-bastygynyn-orynbasary-boldy/

pixel