Астанадағы су тапшылығы: Тоқаев елорда әкіміне бірқатар тапсырма берді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың сумен қамтамасыз етілу жағдайы туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылған.
Сондай-ақ президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент әкімшілігінің бақылауында болатынын атап өтті.
Айта кетейік, Астанада биыл наурыз айының соңында ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқала бастаған болатын. Сондықтан "Астана су арнасы" МКК жаңа станса іске қосылғанша су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр екенін мәлімдеген еді.
"Астана су арнасы" МКК ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығын қала халқының өсуімен және елорданың қарқынды дамуымен байланыстырды.
Соңғы күндері Астанада су тапшылығы қатты сезіліп, тұрғындар жанайқайын айта бастады.
6 маусымда су тапшылығына байланысты қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтарға үндеу жасап, бұл мәселе алдағы бір айдың ішінде шешілетініне уәде берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023795-astanadagy-su-tapsylygy-toqaev-elorda-akimine-birqatar-tapsyrma-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.